Санкт-Петербургте қазақстандық бес курсантқа диплом табысталды

0
84

Министр университет басшылығымен бірге Собор алаңында түлектерге диплом табыстады.


Санкт-Петербургте қазақстандық бес курсантқа диплом табысталды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетінде өткен түлектердің оқу бітіру рәсіміне қатысты, деп жазады inform.kz.

Министр университет басшылығымен бірге Собор алаңында түлектерге диплом табыстады. Олардың қатарында Қазақстанның бес азаматы бар. Биыл оқу орнының құрылғанына 120 жыл толып отыр.
Шыңғыс Әрінов университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына және басшылығына білікті мамандар даярлағаны үшін алғыс білдіріп, жас офицерлерді оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтады.
Министрдің айтуынша, оқуын аяқтаған түлектер Қазақстанға оралғаннан кейін ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелеріне бөлініп, қызметке кіріседі.

Бүгінде аталған университетте Қазақстаннан келген тағы 20 курсант бейінді мамандықтар бойынша білім алып жатыр.