Рудный әкімі кісі өлтірді деп күдікке ілінген екі жасөспірімнің ұсталғанын айтты

0
194

23 қаңтарда Рудныйда кісі өлтіру фактісіне сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Рудный әкімі кісі өлтірді деп күдікке ілінген екі жасөспірімнің ұсталғанын айтты

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Рудныйда кісі өлтірді деп күдікке ілінген екі жасөспірімге бүкіл Қазақстан бойынша іздеу жарияланған. Бүгін, 2026 жылғы 24 қаңтарда қала әкімі Виктор Ионенко олардың ұсталғанын жеткізді, деп жазады zakon.kz.

23 қаңтарда Рудныйда кісі өлтіру фактісіне сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Таратылған ақпаратқа сәйкес, аса ауыр қылмысты 2009 және 2008 жылы туған екі жасөспірім жасаған.

24 қаңтарда қала әкімі Виктор Ионенко марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сондай-ақ ол қылмыс жасады деп күдікке ілінгендердің анықталып, ұсталғанын да жеткізді.

"Қазіргі уақытта кісі өліміне әкеліп соқтырған жағдайдың себептерін анықтау бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", деп нақтылады Рудный әкімі.

Әрі бұл факт Ішкі істер министрлігі мен Қостанай облысының полиция департаментінің жеке бақылауына алынғаны да айтылады.