Референдум: бірнеше онлайн-платформа мен интернет басылым жауапқа тартылады

0
83

Мониторинг кезінде республикалық референдум және сайлау туралы заңдар 26 рет бұзылғаны анықталды.


Референдум: бірнеше онлайн-платформа мен интернет басылым жауапқа тартылады

Sputnik: Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық референдум аясындағы үгіт кезінде анықталған заң бұзушылықтардың санын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Вице-министр Қанат Ысқақовтың айтуынша, мониторинг кезінде республикалық референдум және сайлау туралы заңдар 26 рет бұзылғаны анықталды.
"Оның ішінде 24 заң бұзушылықты онлайн платформа пайдаланушылары, ал екеуін интернет басылымдар жасаған. Осы заң бұзушылықтар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама мен оның нәтижесін орналастыруға қатысты болды. Айтылған фактілер бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жолданды", - деді Ысқақов Орталық референдумның бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, үгіт кезінде онлайн платформаларда заңнама бұзудың 54 дерегі анықталды. Осы фактілер бойынша барлық материал тиісті шешім қабылдау үшін ішкі істер министрлігіне жіберілді.
Айта кетері, бүгін – референдум аясындағы үгіт-насихаттың соңғы күні. Ал мониторинг кезінде нақты үш негізгі талапқа бақылау жасалады. Атап айтқанда, анонимді үгіт материалдарға тыйым салу, қоғамдық сауалнаманы жүргізу ережесін сақтау және мемлекет мүддесіне қайшы үгітке жол бермеу.