Орталық референдум комиссиясы бес сағаттың ішінде дауыс берген адамдардың санын жариялады.
© Sputnik/Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 677 595 адам дауыс берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Осылайша, дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 37,54 проценті өз таңдауын жасады.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс берушілер саны ең жоғары өңірлер - Ақтөбе облысы – 45,73%, Ақмола облысы – 44,66%. Алматы қаласында ең төменгі көрсеткіш – 14,85%.
Жалпы аймақтар бөлінісінде дауыс беру көрсеткіші мынандай:
Абай облысы 41,93%
Ақмола облысы 44,66%
Ақтөбе облысы 45,73%
Алматы облысы 40,41%
Атырау облысы 42,29%
Батыс Қазақстан облысы 36,59%
Жамбыл облысы 35,86%
Жетісу облысы 43,32%
Қарағанды облысы 42,95%
Қостанай облысы 37,10%
Қызылорда облысы 43,18%
Маңғыстау облысы 34,57%
Павлодар облысы 36,57%
Солтүстік Қазақстан облысы 41,64%
Түркістан облысы 44,13%
Ұлытау облысы 36,59%
Шығыс Қазақстан облысы 42,88%
Астана қаласы 31,23%
Алматы қаласы 14,85%
Шымкент қаласы 42,59%.
Айта кетері, дауыс беретіндердің тізімінде 12 461 796 адам бар. Барлығы 10 388 учаске ашылды. Ал 92 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды. Шетелде 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.



