Психологтер қызмет алушымен шарт жасасуға міндеттеледі

0
127

Сала мамандары азаматтарға қызмет көрсетерде, жазбаша ақпарат ұсынып, келісімін алуға тиіс болады.


Психологтер қызмет алушымен шарт жасасуға міндеттеледі

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасын талқылау кезінде депутат Айна Мысырәлімова мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

— Жеке қызмет барысында психолог қызмет алушымен міндетті түрде шарт жасасуы тиіс. Сонымен қатар психологиялық көмек ерікті және саналы таңдау қағидатына негізделеді. Сондай-ақ шұғыл жағдайларды қоспағанда, психологиялық көмек көрсету тек қызмет алушының жазбаша ақпараттандырылған келісімі негізінде жүзеге асырылатыны белгіленеді, — деді дептутат.

Айта кетейік бұған дейін психологтерге қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде бекітілетінін жазғанбыз.