Марқұмның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Фото: Жазира Бегалы
ERNUR.KZ. 2026 жылдың 24 наурызы күні Алматыдағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
«Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз.Естеріңізде болса, туыстары Баир 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы», деп жазды Жазира Бегалы.
Біз осы өлім фактісіне қатысты Алматы қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолдадық.


