Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды.
                ERNUR.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Facebook-парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жазды, - деп жазады Tengrinews.kz.
        Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барған.
"Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр", - деп жазды Берік Уәли.



 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
