Петропавлда мас жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

0
161

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Петропавлда мас жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

фото: unsplash
ERNUR.KZ. Қалада такси жүргізушісін жолаушы ұрып өлтірген. Енді таксистер арнайы қосымшаларға "дабыл түймесін" орнатуды сұрап жатыр, деп жазады inbusiness.kz.


Оқиға 8 маусымда болған. 60 жастағы такси жүргізушісі жолаушыларды алып бара жатқан сәтте олардың бірі көлік ішінде рұқсатсыз темекі шеге бастаған. Жүргізуші ескерту жасағанымен, жолаушы қасақана екінші темекісін тұтатып, оны елемеген. Бұған шыдамаған жүргізуші шылымын жұлып алып, сыртқа лақтырып жіберген. Бірақ жолаушы әрекетін үшінші рет қайталаған.

Осыдан соң екі азамат ерегесіп, сыртқа шығып төбелескен. Сол кезде егде жастағы жүргізуші құлап, басын қатты соғып алыпты. Ол ауыр жағдайда комаға түсіп, бірнеше күн өмір үшін күрескенімен, 13 маусымда ауруханада көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті төбелес болған сәтте ұсталған.


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам оқиға кезінде мас күйде болған. Өз кінәсін толық мойындаған. Бұдан бөлек, төбелес бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты.

14 маусымнан бастап Петропавл қаласындағы барлық такси қызметтері қаза тапқан әріптесіне байланысты қаралы күн деп жариялады. Сонымен қатар, жүргізушілер өздерін қауіпсіз сезінбейтінін айтып, арнайы такси қосымшаларына дабыл түймесін қайта қосуды сұрады.