Перизат Қайраттың анасы сотта жауап беруден бас тартты

0
162

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі жарты күн бойы заттай дәлелдемелерді зерттеді.


Перизат Қайраттың анасы сотта жауап беруден бас тартты

Фото: Іnstagram.com/01pk

ERNUR.KZ. 21 шілде күні Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта өткен отырыс жабық режимде өтті. Күдікті Перизат Қайраттың анасы сотта жауап беруден бас тартты, деп жазады stan.kz.

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі жарты күн бойы заттай дәлелдемелерді зерттеді. Сондай-ақ тараптар бірқатар өтініштерін оқыған. Алайда олардың не туралы өтініш екені және судьяның оларды қанағаттандырғаны немесе қанағаттандырмағаны белгісіз.

“Айыпталушы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева өз құқықтарын пайдаланып, жауап беруден бас тартты", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бүгін 22 шілде күні, Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта жарыссөз басталады.

Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.