Павлодарда үйде жанжал шығарған ер адамнан бес қару тәркіленді

0
99

Ер адам келіншегін қызғанып, түнде жанжал шығарған.


Павлодарда үйде жанжал шығарған ер адамнан бес қару тәркіленді

фото: Пресс-служба ГК "Калашников"

ERNUR.KZ. Павлодар қаласында отбасылық жанжалды шешуге барған полицейлер үйдің иесінен бес бірдей қаруды тәркіледі, деп жазады sputnik.kz.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам келіншегін қызғанып, түнде жанжал шығарған.
Полицияға арыз түскеннен кейін әкімшілік хаттама рәсімделді. Тәртіп сақшылары үй иесінің атында азаматтық қарудың бар екенін де анықтады.
"Сот шешімімен жанжал шығарған ер адамға 10 тәулікке әкімшілік қамау қолданылды және қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Сонымен қатар осы құжаттың негізінде полицейлер одан 5 бірлік қару алып қойды", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда тәртіп сақшылары мұндай жағдайлардың арты ауыр қылмыстарға ұласуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан эмоцияны бақылап, алкогольдік сусындарды шамадан тыс пайдаланбаған дұрыс.