Павлодар облысында өрттен қаза болған екі баланың отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

0
87

Қызыл жалынға оранған жер үйдің ішінде төрт бала болған.


Павлодар облысында өрттен қаза болған екі баланың отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Павлодар облысында Ертіс ауданының әкімдігі өрт салдарынан екі кішкентай баласынан айырылған отбасыға үш бөлмелі пәтер беретін болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Аудан әкімдігі отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Өрт салдарынан зардап шеккен отбасыға үш бөлмелі пәтер беріледі, қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық керек-жарақ сатып алынды. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да тиісті көмек көрсетіледі», - деп мәлімдеді әкімдік.

Қазір психологтар отбасы мүшелеріне көмек көрсетіп жатыр. Өрттің себептері анықталуда.

Естеріңізге салайық, 15 қаңтар күні таңертең Ертіс ауылында жер үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратынша, үйдің ішінде төрт бала болған, олардың үлкені өз бетінше далаға шығып үлгерген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үш баланы өрттен алып шыққан. Алайда 2018 және 2021 жылғы екі бала ауруханада жан тапсырды. Ал 2015 жылғы бала қазір ауыр жағдайда жатыр.