Екі адам қаза тауып, жүргізуші жарақат алды.
фото: ДП Павлодарской области
ERNUR.KZ. Павлодар облыстық департаменті "Павлодар-Қызылорда" тас жолында жантүршігерлік жол апаты туралы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Полицейлердің мәліметінше, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып, салдарынан көлік жол шетіне қарай аударылып кеткен. Екі жолаушы қаза тауып, жүргізуші жарақат алды.
"Тергеу барысында жылқы иесінің әрекетіне де құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады департаменттегілер.
Еске салайық, елде жол апатының жиілеуіне байланысты ішкі істер министрлігі жолдардағы бақылауды күшейтті.
Айта кетсек, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобустың аударылуы салдарынан 10 адам көз жұмды. 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көліктің соқтығысуы тағы 10 адамның өмірін қиды — апаттың себебі қарсы бағытқа шығу болған. Қарағанды облысында да дәл осындай себеппен жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты.