Павлодар облысында балаларға қол жұмсаған тәрбиеші жауапқа тартылды

0
196

Тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалған.


Павлодар облысында балаларға қол жұмсаған тәрбиеші жауапқа тартылды

Фото: © freepik.com
ERNUR.KZ. Ақсуда балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекі қарым-қатынасы видеоға түсіп қалған. Жағдайға байланысты тәрбиеші мен балабақша меңгерушісі жауапкершілікке тартылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

Ақсудағы ясли-бақшада тәрбиешінің балаларды итеріп, біреуіне қол жұмсаған сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Бұл оқиға наурыз айының соңында болған.

Видео авторларының айтуынша, оқиға мекеменің серуен алаңында болған. Онда әйел адам бірнеше баланы итеріп, біреуіне шапалақпен ұрғаны анық көрінеді.

Балалар қауіпсіздігіне жауапсыздық танытқан

Жағдай қоғамда резонанс туғызып, ата-аналар наразылығынтудырған. Мәселені қалалық білім бөлімі бақылауына алған.

«Бұл оқиға педагогикалық этика бойынша арнайы отырыста қаралды. Тәрбиешіден түсініктеме алынып, балабақша басшысының бұйрығымен ол теріс себептер бойынша жұмыстан босатылды»,– деп хабарлады білім бөлімінің өкілдері.

Меңгеруші де тәртіптік жаза алды

Тек тәрбиеші ғана емес, балабақша меңгерушісі де қызметтік жауапкершілікке тартылды. Бөлім мәліметінше, ол балалардың қауіпсіздігін бақылауда жіберген олқылықтар үшінескерту түріндегі тәртіптік жаза алған.