Павлодар әуежайы жолаушылар рейстерін 2026 жылы қабылдай бастайды

0
84

Бұл туралы облыс әкімі айтты.


Павлодар әуежайы жолаушылар рейстерін 2026 жылы қабылдай бастайды

Фото: azh.kz

ERNUR.KZ. Павлодар халықаралық әуежайы 2026 жылдың тамызында алғашқы жолаушылар рейстерін қабылдауға дайын болады. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әкімнің айтуынша, бұрын әуежайдың ұшу-қону жолағы апатты жағдайда болған.

Мамандандырылған сараптама қорытындысы бойынша, әуежай толық реконструкциясыз Көлік министрлігіне қарасты авиациялық қауіпсіздік комитетінің аккредитациясынан өте алмайтын еді.

Қазір жөндеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылған.

Алайда олар көктемде қайта жалғасады деп сендірді облыс әкімі.

Жобаның аяқталуы 2026 жылдың шілдесіне жоспарланып отыр. Реконструкция толығымен аяқталған соң, Павлодар әуежайы тамыз айынан бастап жолаушылар рейстерін қабылдауды қайта бастайды.

Әуежайдың қайта жаңғырту жұмыстары:

  • ҰҚЖ толық ауыстыру;
  • төсемдерді нығайту;
  • қауіпсіздік талаптарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді қамтиды.

Бұл жұмыстар аймаққа жаңа әуе бағыттарын ашуға және туристік, іскерлік байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.