© Photo : ДП Павлодарской области
ERNUR.KZ Павлодар облысында бетпе-бет соқтығысқан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жол апаты бүгін "Павлодар-Омбы" тас жолында Бобровка ауылына жақын жерде болған.
"Toyota Vitz маркалы көліктің жүргізушісі көктайғақта рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Сол жерде Hyundai Accent-пен бетпе-бет соқтығысқан. Екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы анықталады.


