Нәтижесінде "Солтүстік – Оңтүстік" транзиті бөлініп, Қазақстандағы тұтынушыларды шектеу көлемі 962 мегаватты құрады.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. 25 қыркүйек таңертең Өзбекстанның энергия жүйесіндегі ақау салдарынан қазақстандықтардың бір бөлігі жарықсыз қалды. Қазақстанда көрші елдегі бұзылудың республиканың энергия жүйесіне неге әсер еткені түсіндірілді, деп жазады tengrinews.kz.
Компанияның мәліметінше, сағат 05:02 шамасында Өзбекстанның энергия жүйесінде қуаты 1516 мегаватт болатын генерацияның ажырауына байланысты Орталық Азияның энергия жүйесі тарапынан қуаттың күрт ауысуы болған.
Нәтижесінде "Солтүстік – Оңтүстік" транзиті бөлініп, Қазақстандағы тұтынушыларды шектеу көлемі 962 мегаватты құрады. Бұл ретте апатқа қарсы автоматика штаттық режимде жұмыс істеген.
"Сағат 05:43-те Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағы мен Орталық Азия Біріккен энергия жүйесінің Қазақстан БЭЖ-мен параллель жұмысы қалпына келтірілді, тұтынушыларға қойылған шектеулерді алу туралы пәрмен берілді", - деп хабарлады KEGOC.
Бір елдегі ақау басқаларына неге әсер етеді?
Орталық Азия елдерінің энергия жүйелері бірыңғай синхронды режимде жұмыс істейді, сондықтан бір елдегі елеулі бұзылулар көршілес энергия жүйелеріне әсер етуі мүмкін.


