​«Озарк» сериалы мен «Миссия невыполнима» фильмінде ойнаған танымал актер Comic Con Astana фестивалінің екінші хедлайнері атанды

0
127

Биыл фестивальге бірден үш жұлдызды хедлайнер қатысады.


​«Озарк» сериалы мен «Миссия невыполнима» фильмінде ойнаған танымал актер Comic Con Astana фестивалінің екінші хедлайнері атанды

Comic Con Astana ұйымдастырушылары Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестиваліне қатысушыларының есімін жариялауды жалғастыруда. Энди Серкистен кейін хедлайнерлер қатарына әйгілі америкалық актер Эсай Моралес қосылды. Ол «Озарк» және «Титандар» сериалындағы рөлдерімен, сондай-ақ Том Крузбен бірге түскен «Миссия невыполнима» франшизасының соңғы екі бөліміндегі шеберлігімен танымал.

Эсай Моралес – көпқырлы мансабымен танымал голливудтық жұлдыз. Оның актерлік жолы 40 жылды қамтиды. Ол үлкен экранда 1980-жылдары дебют жасап, культке айналған «Ла Бамба» фильмінде Ричи Валенстың ағасының рөлі арқылы кең танымал болды. Осы жылдар ішінде Моралес өзін драма жанрындағы терең рөлдерден бастап дәлелдеп, харизмасы жоғары зұлым кейіпкерлерге дейін сомдай алатынын байқатты. Осылайша, сирек кездесетін диапазондағы актер ретінде қалыптасты. Қалың көрерменге ол Netflix платформасындағы танымал «Озарк» сериалындағы антагонист Камино Дель Рионың рөлі арқылы да белгілі. Ал DC суперқаһармандық әлемінде Моралес «Титандар» сериалында Слэйд Уилсон (Дефстроук) бейнесін сомдаған.

Соңғы жарқын жобаларының бірі – Моралес басты антагонист Габриэль рөлін сомдаған «Миссия невыполнима» болды. Ол – Итан Ханттың (Том Круз) харизмасы жоғары қарсыласы. Осы рөлі арқылы Эсай үлкен экрандағы ең әсерлі зұлым кейіпкерлердің бірі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Актер қатысқан басқа да жобалар қатарында мынадай сериалдар бар: «От заката до рассвета», «Как избежать наказания за убийство», «Каприка», «Иерихон», «C.S.I.: Майами», «Байки из склепа», «Сумеречная зона», «За гранью возможного», «Огненный сезон», «Моя семья», «Нация фастфуда» фильмдері, тағы басқалары.

2025 жылы Comic Con Astana бағдарламасын және қонақтарының географиясын кеңейтіп қана қоймай, өз тарихында алғаш рет үш хедлайнерді бірден жарияламақ. Үшінші әртістің есімін ұйымдастырушылар жақын күндері хабарлайтын болады.

Іс-шара бес күнге созылып (9-дан 13 шілдеге дейін) алғаш рет екі ірі алаңда өтеді: «Астана-Арена» стадионы мен МЛД «Барыс-Арена».

Cондай-ақ, 2025 жылғы фестивальдің хэдлайнері – британиялық актер, режиссер және цифрлық кейіпкерлерді экранға шығару саласындағы жаңашыл адам Энди Серкис. Ол – қозғалысты түсіру технологияларын дамыту арқылы кино индустриясында төңкеріс жасаған тұлға. Әртүрлі жылдары Comic Con Astana хедлайнерлері ретінде әлемдік индустрияның танымал жұлдыздары өнер көрсеткен, олардың арасындаМадс Миккельсен, Пилу Асбек, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және басқалар бар.

Фестиваль «Astana Tourism» ЖШС Туризмді дамыту орталығының қолдауымен өтеді.

Фестиваль аясында көптеген тақырыптық аймақтар мен жарқын серіктестік интеграциялар ұсынылады. Әрбір аймақ қонақтарға ерекше әсер мен ұмытылмас тәжірибе сыйламақ.

Фестивальге жылдам тамақтану желісі I’M қайта оралады. Биылғы жылдың гастрономиялық жаңалығы – шырынды френч-дог алғаш рет фестиваль алаңында ұсынылады.

Perfetti Van Melle компаниясы атынан аты аңызға айналған Chupa Chups бренді қатысады. Бренд аймағында қонақтарды Chupa Chups стиліндегі әсерлі инсталляциялар күтеді. Ол – қатысушыларға сапалы әрі көркем фотолар жасауға таптырмас мүмкіндік. Бұған қоса әрбір адамды бақыт пен балалық шақтың дәмін еске түсіретін түрлі сыйлықтар мен тосынсыйлар күтеді.