Өскеменде жалғызбасты ана мен оның бес баласы уланып қала жаздады

0
84

Полиция бір отбасының өмірін сақтап қалды.


Өскеменде жалғызбасты ана мен оның бес баласы уланып қала жаздады

Фото: Ішкі істер министрлігі

ERNUR.KZ. Өскеменде полиция капитанының жедел әрекеті бір отбасының өмірін сақтап қалды. Улы газдан улана жаздаған ана мен бес бала дер кезінде қауіпсіз жерге шығарылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Республикалық профилактикалық іс-шара аясында учаскелік инспектор Әсел Тукушева кезекті үйге кірген сәтте-ақ үй ішін қатты басқан көміртек тотығының өткір иісін сезген.

Бұл үйде жалғызбасты ана 17 жастан 3 жасқа дейінгі бес баласын тәрбиелеп отырған.

Қауіптің әр минут сайын күшейіп жатқанын түсінген полиция қызметкері отбасын дереу сыртқа шығарып, шұғыл көмек шақырған.

Оқиға орнына келген ТЖД мамандары үй ішінде шынымен де қауіпті деңгейде улы газ жиналғанын растады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, қатты жарылған пештің ішінен шыққан түтін үйдің ішіне тараған, бұл — адамның тез улануына алып келетін жағдай.

Мамандар үйді тұруға қауіпті деп таныды.

Пеш толық қалпына келтірілгенге дейін ана мен бес бала Өскемендегі дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды.

«Капитан Әсел Тукушеваның қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында алты адамның өмірі құтқарылды», – деп мәлімдеді полиция.