Шақалақ бүгін таңмен Зачаган кенті Бірлік көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінен табылған.
Фото: polisia.kz
ERNUR.KZ. Орал қаласында шақалақтың денесі табылуына байланысты жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп жазады inform.kz.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, шақалақ бүгін таңмен Зачаган кенті Бірлік көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінен табылған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
— Қазіргі кезде шақалақтың анасын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматы тұрғыны жасаған құқық бұзушылық үшін оралдық жүргізушіге айыппұл келгенін жазған болатынбыз.