Оралда ер адам көлік ұрлап, полициядан қашамын деп бір адамның қазасына кінәлі болды (ВИДЕО)

0
126

Оралда полиция қуған ұрланған көлік өлімге әкелген жол апатына себеп болды.


Оралда ер адам көлік ұрлап, полициядан қашамын деп бір адамның қазасына кінәлі болды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/kadyrov_07/Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Орал қаласының орталығында полицейлер қуған Renault Logan көлігі ірі жол апатына себеп болып, бір адам көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

1 қыркүйек 2025 жылы полицияға ақ түсті Renault Logan автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар түсті. Көлікті басқарған күдікті жол ережесін өрескел бұзып, тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабына бағынбаған.

Жол апаты қалай болды?

Күдікті Назарбаев көшесімен жүріп өтіп, бағдаршамның қызыл шамына қарамастан Карев көшесі қиылысында Lada Granta және Lada Largus автокөліктерімен соқтығысқан.

Қайғылы салдар

Жол апаты салдарынан Lada Granta жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Ал күдікті түрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір ол полиция күзетінде жатыр.

Тергеу жүргізілуде

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.