Өңірлерде жүк көліктерін өлшейтін 200 жүйе орнатылады

0
110

Автоматтандырылған өлшеу жүйесі жолдың тозуының алдын алады.


Өңірлерде жүк көліктерін өлшейтін 200 жүйе орнатылады

фото: Sputnik / Евгений Епанчинцев

ERNUR.KZ. Өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады, деп жазады sputnik.kz.

Ауыр жүк көліктерін өлшейтін жүйе көлік жүріп бара жатқан кезде автоматты түрде іске қосылады.
"Автоматтандырылған өлшеу жүйесі жолдарды тоздырмау мақсатында орнатылады. Бұл құрылғылар қалаларға кіреберіс жолдарда, карьерлердің маңында және қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерде қойылады", - деді көлік министрі Марат Қарабаев азаматтарды жеке қабылдау кезінде.
Министрдің қабылдауында болған азаматтар көбінесе өңірлердегі автомобиль жолдарын жөндеу, инватакси санын көбейту, қоғамдық көлік пен жолаушы вагондары паркін жаңарту және жөнделіп жатқан учаскелердің сапасын бақылау жайында өтініш сауалдарын жолдаған.
"Осы уақытқа дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті", - деді министрлік.