Оқушылардың ChatGPT ботын қолдануына ата-анасы шектеу қоя алады

0
125

​Бұған АҚШ-та болған трагедия себеп болған.


Оқушылардың ChatGPT ботын қолдануына ата-анасы шектеу қоя алады

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. OpenAI жасанды интеллектке негізделген чат-ботқа шектеулер енгізді. Енді танымал ChatGPT ботын пайдалантын жасөспірімдерді ата-аналары бақылай алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

АҚШ-та жасөспірім боттың айтқанына еріп, өзіне қол жұмсады деген хабардан кейін компания осындай шараны қолға алған.

Марқұм баланың ата-анасы берген сотқа берген талап-арызда ChatGPT қауіпті кеңестер беріп, жасөспірімнің өзіне жара салуына итермелеген болуы мүмкін деп жазылған.

Жаңа шектеулерге байланысты енді ата-аналар мен балалардың аккаунттары жалғанады, ересектер чаттың ақпаратты есте сақтауын басқарады, үлкендерге арналған контенттерді шектей алады, дауыстық режим мен сурет генерациясын өшіре алады. Сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында чатты қолдануды тоқтататын «үнсіз режимге» қоя алады. Бірақ баланың не іздегенін көре алмайды.

OpenAI тек ерекше жағдайларда ғана, егер қауіп белгілері анықталса, ата-аналарға жасөспірім туралы ақпаратты беретінін хабарлады.

Айта кетейік, Meta да өзінің жасанды интеллект өнімдеріне кәмелетке толмағандарды қорғауға бағытталған шектеулер енгізуді жоспарлап отыр.