Үш адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы бүгін таңертең Ақтөбе облысындағы жол апатынан жараланғандардың жағдайы туралы ақпарат берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Ауруханаға түскен бес адамның үшеуінің жағдайы – ауыр, екеуі – орташа. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасында жатыр», - деп хабарлайды облыстың денсаулық сақтау басқармасы.
Дереккөзге сүйенсек, оқиға орнына облыс әкімі Асхат Шахаров аттанған.