Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

0
65

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді Каспий теңізіне ағызып әкеткен.


Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Фото: akorda.kz

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп жазады zakon.kz.

Көңіл айту мәтіні оның ресми сайтында жарияланды.

"Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы күштер әскери қызметшілерінің қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Тұңғыш Президент қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты", – делінген ресми хабарламада.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді Каспий теңізіне ағызып әкеткен. Олар теңіз жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.

Алғашында теңізге 19 әскери қызметшіні ағызып әкеткені хабарланды. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі бұл санды нақтылап, 17 адам екенін мәлімдеді.

Қазіргі мәлімет бойынша, 12 әскери қызметші қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Құтқарылғандардың бірі ауруханада жатыр.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел-тергеу тобы құрылды. Сондай-ақ оқиғаның себептерін анықтау үшін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды.