19 мамырда қазақстандық стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталғаны туралы хабарлаған едік.
Фото: instagram.com/nurlan__saburov
ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметтулин қазақстандық стэнд-ап комик Нұрлан Сабыровты Ресейден депортациялауға қатысты жеке пікірін білдірді, деп жазады inform.kz.
- Маған белгілі ақпарат, сол сіздер білетін мәліметпен бірдей. Сыртқы істер министрлігіне Нұрлан Сабыровтан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Депортация ықтималдығы туралы хабарламаларға келсек, иә, мен де БАҚ-тан білдім. Оның визасының мерзімі аяқталғаны және Ресейден кетуі керек болғаны, яғни біраз уақыт Қазақстанда болғаны туралы ақпарат болды, - деп қысқа қайырды Ақан Рахметтулин Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.