Фото: Әлеуметтік желіден
ERNUR.KZ. Нұрай Серікбайдың туыстары күдіктінің жақындарын да қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті, деп жазады Stan.kz.
Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбайдың айтуынша, тек күдікті ғана емес, оған қызды ұрлау кезінде қолдау көрсеткен адамдар да жазалануы тиіс. Оның пікірінше, күдіктінің туыстары қылмыстың жасалуына белсенді түрде ықпал еткен.
"Біздің отбасымыз күдіктінің туыстары мен жақындарын жауапкершілікке тартуды талап етеді. Нұрайды ұрлаған кезде олар оған көмектескен: телефонын тартып алып, жібермей, ұстап отырған. Сондықтан біз олар да жазаға тартылуы тиіс деп есептейміз", – деді Сұлтан Серікбай.
Марқұмның ағасы сот барысында қылмысқа қатысы бар адамдар жауапкершілікке тартылып, бұл іс басқаларға үлгі ретінде қаралғанын қалайтынын жеткізді.
"Мұндай қылмысты бір адам жалғыз жасамайды, әрдайым қасында көмектесетіндер болады, дәл солардың кесірінен осындай қайғылы жағдайлар орын алады. Біз сот барысында барлық қатысы бар адамдардың жауапкершілікке тартылып, бұл іс үлгі ретінде қаралуын қалаймыз, ал күдіктіге ең қатаң жаза тағайындалуы тиіс. Біздің ойымызша, әділдік тек осылай ғана орнайды", – деді ол.


