Нүкенова ісі: Бишімбаевтың туысының жазасы өзгеріссіз қалатын болды

0
82

Сот процесінде адвокат Әлібек Секеров оның бұрын сотталмағанына назар аударды.


Нүкенова ісі: Бишімбаевтың туысының жазасы өзгеріссіз қалатын болды

Фото: abai.kz

ERNUR.KZ. Десе де, Салтанат Нүкенованың өлімі ісінде аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, деп жазады inbusiness.kz.

Адвокат Байжановтың оң мінез құлқын, кәмелетке толмаған 3 баласы барын және отбасының жалғыз асыраушысы екенін, сондай-ақ, марқұм жәбірленушіге дене жарақатын салмағанын айтқан.

– Сот ҚР Қылмыстық Кодексі 55-бабының, 2-тармағы, 2-тармақшасына жүгінді. Бұл норма жоғары жазаны тағайындауды ғана емес, нақты жағдайларға байланысты жазаны төмендетуді де қарастырады. Демек, жазаны ауырлататын факторлардың жоқтығы, керісінше, жеңілдететін себептердің болуы аталған норма бойынша жазаны төмендетуге негіз бола алады, – деді Әлібек Секеров.

Сол себепті, сотталушының қорғаушы тарапы бас бостандығынан айыру жазасының мерзімін қысқартуды немесе ҚР ҚК-нің 63-бабы "Шартты соттау" жазасына ауыстыруды сұраған.

Тиісінше, жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Омарова Байжановтың оқиға орнына 10:20-да келіп, жедел жәрдем қызметіне кешке ғана хабарласқанын алға тартты. Сонымен қатар, күні бойы аса ауыр қылмысты жасыруға тырысқанын да еске салды.

Прокурор Асқарова сот үкімін өзгеріссіз және сотталушы адвокаттарының шағымын қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

– Сот жаза тағайындағанда, жасалған қылмыстың ауырлық деңгейі мен қоғамға қаупін, сотталушыға қатысты жеке деректерді, жазаны жеңілдететін жағдайлардың бар екенін және ауырлататын себептердің жоқтығын толықтай ескерді. Осылайша, жаза ҚР ҚК 52-бабына сәйкес және 55-баптың 2-тармағындағы талаптарды ескере отырып, тағайындалды. Ол әділ және жасалған қылмысқа сай, – деді ол.

Судья Сералин сотталушының қорғаушыларын және зайыбы Айнұр Күлдееваны, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді және оның адвокаттарын, мемлекеттік айыптаушыны тыңдап, Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдады.

Кассациялық сотқа түскен шағымды қанағаттандырған жоқ.

– Байжанов аса ауыр қылмысты алдын ала жоспарламай жасыру бойынша кінәлі деп танылды. Сот сотталушының Нүкенова қайтыс болғаннан кейін, аса ауыр қылмыс жөнінде біле тұра, оның ізін жасыру шараларын атқарғанын анықтады. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне мейрамханаға кіруге кедергі келтірді, VIP-бөлмеге кіретін жолды жауып тастады, мейрамхананы жапты, мейрамхана қызметкерлерін таратып жіберді, бейнебақылау камераларындағы видеожазбаларды жойды, мейрамханадағы бейнебақылау камераларын сөндірді, Нүкенованың телефонын басқа жерге апарды, мейрамханаға бірнеше рет әйел адамның киімін алып келді. Осылайша, аса ауыр ауыр қылмысты алдын ала жоспарланбаған күйде жасыруға тырысты. Сотта айыптаулар дәлелденген, үкімнің негізі бар, – деді судья.

Жаза кеткен жөн, 2025 жылдың тамыз айында Бақытжан Байжановқа Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасалған еді. Оның жаза мерзімі үштен бір бөлікке, яғни бас бостандығынан айырудың 1 жыл 4 ай 17 күнге қысқартылған.