Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында қазір нейрондық желілер өнер саласында жиі пайдаланылып жатқаны жайында сұрақ қойылды.
Фото: rg.ru
ERNUR.KZ. ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова нейрондық желілерді пайдалану кезінде авторлық құқық кімге тиесілі болатынын түсіндірді, деп жазады inform.kz.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында қазір нейрондық желілер өнер саласында жиі пайдаланылып жатқаны жайында сұрақ қойылды.
- Заңнамада авторлық құқық субъектісі ретінде тек жеке адам қарастырылған. Сондықтан (нейрондық желіге) сұрақты кім қойса, сол адам автор атанады, - деді Б. Жақселекова тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол жасанды интеллект белгіленген алгоритмдерді орындайтын тетік ретінде ғана саналатынын айтты.
- Атап айтқанда, осы алгоритмді белгілеген адам өнер туындысының авторы болады, - деп нақтылады вице-министр.


