Нәрестелерге қатысты заңсыздық: Алматы әуежайында Қытай азаматтары ұсталды

0
53

Шетел азаматтарының балаларға қатысты құжаттары болған.


Нәрестелерге қатысты заңсыздық: Алматы әуежайында Қытай азаматтары ұсталды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Алматы әуежайында Қазақстаннан балаларды әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Дереккөздің мәліметінше, 11 қарашада Алматы әуежайында Қытайдан келген екі отбасылық жұп Қазақстанда суррогат аналар босанған нәрестелерімен ұсталған. Шетел азаматтарының балаларға қатысты құжаттары болған, алайда, дереккөздің айтуынша, оларды Қазақстаннан шығармаған.

Алматы полициясы пікірі

Редакцияның ресми сұрауына жауап берген Алматы Полиция департаменті шетелдік азаматтардың ұсталғанын растады.

"Аталған факт бойынша Алматы ПД Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі — "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.