Мысықты қатырып, бөлшектеген бойжеткенге қатысты тексеріс басталды

0
151

17 жастағы қыз ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.


Мысықты қатырып, бөлшектеген бойжеткенге қатысты тексеріс басталды

фото: Sputnik / Alexandr Kryazhev

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы тұрғыны мысықты қатырып, денесін бөлшектеп тастады, деп жазады sputnik.kz.

Бойжеткен өзінің әрекетін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.
"17 жастағы кәмелетке толмаған қыз ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған қызбен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді", - дейді ведомство.
Тиісті шара қабылдау үшін материал әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады.