Ер адам танымал әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, трансляция кезінде мысықтың құлағын тістеген.
Бейнежазбадан алынған кадрлар
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде TikTok-та стрим жасаған ер адамға қатысты жаппай шағымданды. Тікелей эфир кезінде ол мысықты қинаған. Бұл жағдайға байланысты полиция пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Видео
Ер адам танымал әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, трансляция кезінде мысықтың құлағын тістеген. Видео жұртшылықтың назарын аударып, көптеген қолданушы полициядан "блогерді" тауып, жазалауды сұрады.
Полиция не деді?
Бүгін Қызылорда облысының полицейлері жануарға қатыгездік көрсеткен ер адамды ұстағаны белгілі болды.
"21 қыркүйек күні Тикток әлеуметтік желісінде ер адам мысықты қинап, қатыгездік танытқаны туралы бейнежазба тарады. Полиция қызметкерлері жедел түрде бейнежазба бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды", - деп хабарлады полиция.
Баспасөз қызметі айыппұл сомасын әзірге нақтыламады. Бұдан бөлек ер адамға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды. Жануарға қатыгездік таныту қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Үй жануары зардап шеккен жоқ.


