Түркияның Маниса қаласында мектеп маңында атыс болды

0
124

Алдын ала мәлімет бойынша, атыстан 11 адам зардап шекті.


Түркияның Маниса қаласында мектеп маңында атыс болды

Фото: Anadolu

ERNUR.KZ. Оқу орнының маңында болған атыстан 11 адам зардап шекті, күдікті ұсталды, деп жазады inform.kz.

Оқиға таңертең Маниса провинциясының Тургутлу ауданындағы Инджи Юзмез атындағы кәсіптік-техникалық лицейдің маңында болған. Атыс туралы хабар түскен соң оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жіберілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, атыстан 11 адам зардап шекті. Олардың барлығы жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Күдікті полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Оқиғаға байланысты әкімшілік және сот тергеуі басталды.

Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз ұлттық білім және ішкі істер министрлерінің оқиға орнына барғанын мәлімдеді.

Түркияның Радио және телевизия жөніндегі жоғарғы кеңесі (RTÜK) бұқаралық ақпарат құралдарын тексерілмеген ақпарат пен зорлық-зомбылық көріністері бар кадрларды таратпауға, сондай-ақ оқушылардың, олардың отбасылары мен білім беру мекемесі қызметкерлерінің жеке мәліметтерін жарияламауға шақырды.

Бұған дейін Түркия билігі Кахраманмараш пен Шанлыурфада болған қарулы оқиғалардан кейін мектептердегі қауіпсіздікті күшейту жөніндегі кешенді жоспар енгізгенін хабарлаған болатынбыз.