Жер сілкінісінің эпицентрі 24 шақырым тереңдікте орналасқан.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Сейсмологтар бүгін Қытай аумағында жер асты дүмпулерін тіркеді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 19 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 20:54-те (Гринвич уақытымен 15:54) Қытай аумағында тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі 41,18 градус солтүстік ендікте, 82,95 градус шығыс бойлықта орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,4. Энергетикалық класы – 10,8. Жер сілкінісі 24 шақырым тереңдікте болған.


