Бұл туралы Мүфтияттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда өткен имамдардың кезекті форумында «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты бір ауыздан қабылданды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Осы құжатқа сай, енді құдайы ас мәзіріне қойылатын талаптар мынадай: қарапайым әрі адал тағамдар, нақты айтқанда нан өнімдері, шай, ыстық ас, яғни ет немесе күріш, сары май, тары, талқан, қант, кәмпит болуы тиіс.
«Өкінішке қарай, қаражаты жоқ адамдар «елден қалмайын» деп қарызға батып, абырой іздейді. Қарапайым отбасы үшін ас беру аза тұту емес, ауыр міндетке айналып бара жатқанын бәріміз көріп жүрміз. Құдайы асты ысырапсыз, қарапайым, Құранмен, дұғамен өткізу – шариғат талабы әрі ұлттық тәрбие. Сол үшін дастарқанда ас мәзірін емес, дұғамызды, жақсы сөзімізді көбейткеніміз абзал. Ысыраптан аулақ болайық, ниетті түзетейік дегім келеді», - деді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.