Тексеру барысында полиция қызметкерлері әйелдің екі жасар баланы алдыңғы орындықта балаларға арналған арнайы орындықсыз тасымалдағанын анықтаған.
ERNUR.KZ. Беларусь астанасы Минскіде Mercedes G-Class көлігін тізгіндеген 32 жастағы қазақстандық әйел жауапкершілікке тартылды, деп жазады stan.kz.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері әйелдің екі жасар баланы алдыңғы орындықта балаларға арналған арнайы орындықсыз тасымалдағанын анықтаған.
Бұған дейін бұл Гелендваген Threads желісінде жарияланған жазбадан кейін қызу талқыға түскен еді. Минск тұрғыны тротуарда тұрған қазақстандық нөмір тағылған көліктің фотосын жариялап:
"Құрметті қазақтар, Минскіде қонақта жүргендер, бізде көлік бұлай қойылмайтынын жеткізіңіздерші", – деп жазған.
Жазба желі қолданушылары арасында тез таралып, қызу талқыланды.
Кейінірек дәл осы көліктің "Замок" сауда орталығының аумағында, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрақ орнында тұрғаны байқалған.
Анықталған барлық құқық бұзушылық бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда шетелдік нөмірлі көліктерге жаппай тексерістен кейін жүргізушілер бас көтергені туралы жазған едік.


