Министрлік мұнай өнімдерін ел аумағынан шығаруға алты айға тыйым салды

0
126

Энергетика министрлігінің бұйрығы ЕАЭО елдеріне де қатысты.


Министрлік мұнай өнімдерін ел аумағынан шығаруға алты айға тыйым салды

фото: sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі елден мұнай өнімдері мен бензинді ел аумағынан әкетуге тыйым салу туралы бұйрық шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Бұл тыйым 2025 жылдың 20 қарашасынан 2026 жылдың 20 мамырына дейін жарамды және ол ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге де қатысты. Құжатқа сәйкес, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен адып шығуға тыйым салынады. Мұнай өнімдеріне теміржол көлігімен де алып шығуға тыйым салынады.
Сонымен қатар 2026 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін ЕАЭО-дан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойлды, толуолды, ксилолды және мұнай битумын экспорттауға да тыйым салынады.