​Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

0
79

Президент: Жабайхан Мүбәрәкұлы философия ілімінің өрісін кеңейткен күллі ғылым қоғамдастығына танымал ғалым, ұлтжанды тұлға еді.


​Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

– Жабайхан Мүбәрәкұлы философия ілімінің өрісін кеңейткен күллі ғылым қоғамдастығына танымал ғалым, ұлтжанды тұлға еді. Ұстаздық жолында сүбелі еңбектер жазып, зерделі шәкірттер тәрбиеледі. Ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосып, іргелі істерге белсене атсалысты, – деп жазылған жеделхатта.