Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады.
- Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.


