Қаржы секторында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде банк саласын дамытудың өзекті мәселелері, қазіргі геосаяси жағдайдың аймақ елдері экономикасына әсері, сондай-ақ қаржы секторында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану перспективасы талқыланды.


