Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
ERNUR.KZ. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды.
Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.