Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
199


Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: ақорда
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп жазады BAQ.KZ.

“ Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін “, – делінген құттықтау жеделхатында.