«Мектепке жол» кезекті республикалық қайырымдылық акциясы басталды

0
917

Демеушілер қатарында ірі және орта бизнес, банктер бар.


«Мектепке жол» кезекті республикалық қайырымдылық акциясы басталды

Жыл сайын 1 тамыз – 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардағы балаларға демеушілік көмек көрсетуге бағытталған. 15 жыл ішінде қайырымдылық көмек көрсетіледі. Демеушілер қатарында ірі және орта бизнес, банктер бар. Жыл сайын атаулы көмек мөлшері 3,2 млрд теңгеге жетеді.

Бұл деректерді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарларды.

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін білім басқармаларында «жедел желілер», білім беру ұйымдарындағы қоғамдық қабылдауларының үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Акция кезеңінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде 74-25-28 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, сондай-ақ «BALA QORǴAÝ» жеделхат-чаты іске қосылды, оған көмекке мұқтаж азаматтар мен оларға жәрдем беруге ниеттілер жаза алады.