Бұл өзгерістер 12 маусымдағы Конституциялық Соттың қаулысына байланысты енгізіліп отыр.
© Photo : Акорда
ERNUR.KZ. Медеу мен Шымбұлаққа кіру тәртібі жаңартылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігі, деп жазады sputnik.kz.
"Медеу" және "Шымбұлақ" ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына көлікпен кірудің жаңа тәртібі енгізіледі.
"Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Электромобильдер жұмыс күндері аумаққа кіре алады, ал демалыс және мереке күндері оларға да шектеу қолданылады",- дейді әкімдікте.
Бұл өзгерістер 12 маусымдағы Конституциялық Соттың қаулысына байланысты енгізіліп отыр. Оған сәйкес, мұндай шектеулер мәслихаттың құзыретіне жатады және тұрғындардың құқығы ескерілуге тиіс.
"Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – аумақтағы көлік жүктемесін азайтып, табиғи ортаны қорғау. Бақылау-өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында 179 мыңнан астам көлік өткені тіркелген", - дейді Алматы қаласының әкімдігінде.
Жаңа тәртіпте аумақта тұратын тұрғындарға, сондай-ақ жедел, коммуналдық және арнайы қызмет көліктеріне қатысты ерекшеліктер қарастырылған.


