Мас күйінде ұсталған жүргізушілерге рақымшылық жасала ма - министр жауабы

0
100

Министрдің айтуынша, рөлге сау күйінде отыру көлік жүргізу мәдениетінің негізгі ұстанымына айналуы қажет.


Мас күйінде ұсталған жүргізушілерге рақымшылық жасала ма - министр жауабы

фото: Public Domain

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әкімшілік рақымшылық аясында мас күйінде ұсталған көлік жүргізушілерге жеңілдік жасауға қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық өткізіледі. Соның аясында мас күйінде ұсталған көлік жүргізушілерді куәліктен айыру мерзімін қысқартуға да ұсыныс жасалған. Министр осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.
"Мерзімдерді қысқарту мас күйінде көлік жүргізуді қолдаумен бірдей. Жеңілдік беру ондай "қаһармандарға" еркіндік беру деген сөз. Ал біздің міндетіміз - ондай фактілерді жою және санада ымырасыз әрі қатаң ұстанымды қалыптастыру", - деді Сәденов Polisia.kz порталында жарияланған сұхбатында.
Министрдің айтуынша, рөлге сау күйінде отыру көлік жүргізу мәдениетінің негізгі ұстанымына айналуы қажет.

"Мәселен, Қытайда ондай жол апаттарында адам қаза тапса, өлім жазасы да қарастырылған. Ал АҚШ-та көлікті мас күйінде жүргізгені үшін өмір бойына куәліктен айыруы мүмкін", - деді Сәденов.