14 желтоқсанда йогурт тиелген жүк көлігінің аударылып қалғаны сәтінен видео тарады.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындаға Бейнеу-Боранқұл тасжолында йогурт тиелген жүк көлігі аударылып қалды, деп жазады stan.kz.
14 желтоқсанда йогурт тиелген жүк көлігінің аударылып қалғаны сәтінен видео тарады. Жүк көлігі Боранқұл ауылы маңындағы 64-разъезде жол көктайғақ болып, аударылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші болған жағдай туралы жергілікті тұрғындарға хабарлауды өтініп, аударылып, шашылып қалған тауарды тегін тарата бастаған.
Маңғыстау облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасының болғанын растады.
“Жол апаты 7 желтоқсан күні шамамен сағат 14:20-де Бейнеу – Боранқұл автожолының учаскесінде болған. Тіркемесі бар Scania маркалы жүк көлігінің жүргізушісі тайғақ жолда рульді басқара алмай, соның салдарынан көлік аударылып кеткен”, – деп мәлімдеді ведомство.
Жүргізуші шашылған йогурттарды тұрғындарға тегін таратты.
Ведомство мәліметінше, ешкім зардап шекпеген. Жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша (Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан көлік құралдарына, жүкке, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе басқа мүлікке зақым келтіріп, материалдық шығын келтіру) әкімшілік хаттама толтырылды. 20 АЕК мөлшерінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ жобамен “Нежный” маркалы йогурттарды тарату туралы шешім жүргізушімен және жүк иесімен келісілген болуы ықтимал. Өнім тез бұзылатын санатқа жатады, қаптамалардың бір бөлігі зақымданған, ал сақтау мерзімі шектеулі.
Полиция департаменті жүргізушілерді, әсіресе қыста және көктайғақта рөлде аса мұқият болуға тағы да шақырды.


