Патриоттық шарада жастарға әлеуметтік пакеттер, жеңілдіктер мен әскери қызметшілерге берілетін кепілдіктер туралы мәліметтер айтылды.
Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері азаматтарға әскери бөлімдердегі бос лауазым орындары жайында жәнне Қарулы күштері қатарында мерзімді және келісімшарт бойынша қызмет атқару шарттары туралы ақпаратпен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар әскери қызметтің беделін арттыруға және азаматтарды Қарулы күштер қатарында қызмет ету мүмкіндіктері туралы хабардар етуге бағытталған. Бүгін біз, жастар тарапынан үлкен қызығушылықты байқап отырмыз. Әскер әрдайым қоғамға ашық, ал әскери қызметті насихаттау жұмысы жүйелі түрде жалғасын табады", – деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров.
Шара барысында жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Жастарға әлеуметтік пакеттер, жеңілдіктер мен әскери қызметшілерге берілетін кепілдіктер туралы мәліметтер айтылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына әскери-теңіз күштері мен Ұлттық ұланның әскери оркестрлері патриоттық шығармаларды орындап, көрермендердің зор ықыласына бөленді.


