Маңғыстау облысында көшеден табылған нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр

0
204

Сәби перзентханаға жеткізілді.


Маңғыстау облысында көшеден табылған нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында көшеден тастанды сәби табылды, деп жазады inAktau.kz.

Облыс полиция департаментінің мәліметінше Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында 3 мамыр күні тұрғын үйдің терезесінің жанынан жаңа туған нәресте табылған.
"Тергеу басталды, полицейлер баланың анасын іздеп жатыр. Сәби перзентханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.