​Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия мөлшерін арттыру ұсынылды

0
97

Жоба 2026 жылғы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.


​Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия мөлшерін арттыру ұсынылды
Фото: Kazinform / Freepik
ERNUR.KZ. Қазақстанда мәдениет саласы өкілдеріне арналған мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жалғасып жатыр, деп жазады inform.kz.
Атап айтқанда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық талқылауға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Жарлыққа өзгеріс енгізу туралы жобаны Ашық «НҚА» порталына талқылауға шығарды.
Құжатқа сәйкес, мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия мөлшерін 55 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 110 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында әзірленген.
– Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес, 55 еселенген айлық есептік көрсеткішті 110 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне өзгертуді көздейді, - делінген құжатта.
Жоба 2026 жылғы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.