LRT желісінде рельс жолының 50%-і төселді

0
171

Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.


фото: Акимат Астаны

ERNUR.KZ. Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінгі күні LRT рельс жолының 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды. Бұл желі эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50%-і құрайды. Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскелерде жүргізіліп жатыр.
"Құрылыс жұмыстары негізгі нысандардың — "Нұрлы жол" теміржол вокзалының, халықаралық әуежайдың, министрліктер үйінің және республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік жұмыстар қалыпты режимде атқарылуда. Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.