ЛГБТ насихатына тыйым: Қазақстанда фильмдер прокатқа шықпас бұрын тексеріледі

0
112

Әділет министрлігі бұл тыйым адамның жыныстық бағдарына емес, оны насихаттауға қатысты екенін түсіндірді.


ЛГБТ насихатына тыйым: Қазақстанда фильмдер прокатқа шықпас бұрын тексеріледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда фильмдерді прокатқа шығармас бұрын сараптамадан өткізу ережелері бекітілді. Жаңа талаптар 12 маусымнан бастап күшіне енеді. Құжатқа Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойған, деп жазады stan.kz.

Ережеге сәйкес, фильмді Қазақстан аумағында көрсетуге рұқсат алу үшін құқық иесі уәкілетті органға кинотеатрларда көрсетілетін нұсқамен бірдей көшірмесін ұсынуға тиіс.

Кең прокатқа шығар алдында фильмде дәстүрлі емес жыныстық бағдарды, педофилияны, порнографияны, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын көріністердің бар-жоғы тексеріледі.

2026 жылы Қазақстанда ЛГБТ тақырыбын насихаттауға және оны жағымды тұрғыда көрсетуге тыйым салатын нормалар күшіне енген еді. Осыған байланысты дәстүрлі емес қарым-қатынастар бейнеленген көріністері бар фильмдерді ел аумағында көрсетуге шектеу қойылады. Бұған дейін мұндай туындылардағы ашық сипаттағы көріністерді алып тастау ұсынылған.

Әділет министрлігі бұл тыйым адамның жыныстық бағдарына емес, оны насихаттауға қатысты екенін түсіндірді.